Новости

Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын кәсіби мамандар марапатталды

Оларға халал қасапшы куәлігі берілді

Қасиетті жұма күні Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» атындағы мешітінде есте қалар оқиға болды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша «Халал даму» бөлімінің жауапты өкілі Әлішер Ертайұлы «Қособа 2017» «Мал бауыздау және ет өңдеу» қасапханасының директоры Тобыл

Бейсенұлына жұртшылық алдында халал куәлігін тапсырды.

Сондай-ақ, аталған қасапханада қызмет атқаратын Құмар Балабекұлы мен Самат Бейсенұлының кәсіби біліктілігі және өз ісіне деген жауапкершілігі ескеріліп, халал қасапшы куәлігі берілді.

Куәлікке ие болған азаматтар алдағы уақытта да адал еңбек етіп, мұсылман қауымының көңілінен шыға береді деген үміттеміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77