Новости

Жүлделі екінші орынға ие болды

Латын қарпінде диктантты сауатты жазған қызметкерлер марапатталды

Еліміз бойынша латын қарпінде қазақ тілінде диктант жазу іс-шарасы Қостанай қаласында да көрініс тауып бірнеше мемлекеттік мекемелердің мамандары диктант жазған болатын. Жуырда осы диктанттың қорытындысы бойынша «Мирас» мәдениет үйінде облыстық тілдер дамыту басқармасы үздік деп танылған бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Олардың ішінде Н.Островский атындағы Қостанай қалалық кітапханасының мемлекеттік тілдегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Ботакөз Дүйсембаева да бар. Ол жүлделі екінші орынға ие болды.

Көп жыл қатарынан өзінің сүйікті ісі кітапханашылықпен айналысып келе жатқан Ботагөз Әділбекқызын сөзге тартқанымызда, ол бізге:

– Латын қарпін жақсы меңгеріп алдым. Мемлекетіміз 2025 жылы толық латын әліпбиіне көшетін болады. Қазір осы мақсатта көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде халыққа латын қарпін үйрету шарасы да жиі ұйымдастырылып отырады. Әсіресе, өзім қызмет ететін кітапхана ұжымы латын қарпін оқытуда әрдайым белсенділік танытуда. Сондықтан диктант жазу барысында еш қиналған жоқпын. Әріптерді толық білетінімнің арқасында диктантты сауатты жазып шықтым, – деді.

Бүгін де заман талабына айналып отырған латын әліпбиін үйренем деушілердің қатары күн санап артып келеді. Қай істе де ең бастысы ынта болса болғаны.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77