COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

Выздоровевших

Зарегистрированных случаев

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

Летальных случаев

Новости

Жағымды жаңалық

Тарих кабинеті ашылды

Ұлыстың Ұлы күні яғни Наурыз мерекесі қарсаңында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің екінші қабатында тарих кабинеті ашылды.

 

 

 

 

Оның ашылуына жоғары оқу орнының Қазақстан тарихы кафедрасы мұрындық болды. Салтанатты жиынға университеттің белгілі ғалымдары, студент жастар қатысты.

Бұл жаңа кабинет білім алып жатқан жастардың ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын барынша жетілдіре түсуге өзінің елеулі ықпалын тигізеді.

Оның ішіндегі сөрелерге „100 жаңа оқулық„ бағдарламасына орай жарық көрген бірнеше құнды дүниелер қойылды. Осы кітаптардың әрқайсысы болашақ мамандардың пайым-парасатын барынша көтеруге, білімдерін тереңдетуге септігін тигізетіндігі даусыз.

 

 

 

 

 

Сондай-ақ студенттер дәріс алу барысында бейне материалдарды, көрнекі құралдарды, Қостанай облысының киелі жерлері туралы баяндалатын тың мағлұматтарды пайдаланатын болады.

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, дарынды жас ғалым Рауан Байдалының айтуына қарағанда, жоғары оқу орнында рухани жаңғыруға байланысты көптеген игі істер жүзеге асырылуда.  Солардың бірі осы тарих кабинеті болып табылады.

Оразалы Жақсанов


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77