COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102530

Выздоровевших

107659

Зарегистрированных случаев

3478

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Новости

«Жеті рухани қазық» деп аталатын тұжырымдаманың алар орны жайында жан-жақты баяндалды

Білім ордасында өткен тағылымы мол кеш оқушыларға ерекше әсер қалдырды

Жақында өңіріміздегі Меңдіқара ауданы орталығында «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің бас имамы Еркебұлан Қошантегі қазақтың көрнекті ақыны Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының ұлағатты ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Бұл жиынға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, сазгер әрі әнші Бақытжан Сәуекенов арнайы шақырылды. Онда қазан айында Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық 3-ші имамдар форумында қабылданған аса құнды үш құжаттың мәні мен мазмұны таныстырылды.

Жүздесуде «Жеті рухани қазық» деп аталатын тұжырымдаманың алар орны жайлы жан-жақты айтылды. Ұстаздар мен оқушылар маңызды құжаттардың әрбір отбасы үшін аса құнды екендігін жете ұғып, ерекше әсер алды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77